Құтқару операциясы сәтті өтті
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге Жәйрем кентінен (Қаражал қаласы) Жезқазған қаласына жаңа туған нәрестені шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сәби жедел медициналық көмекке мұқтаж болғандықтан, уақыт жоғалтпай әрекет ету қажет болды. Әрбір минуттың өмір үшін аса маңызды болғаны атап өтілді.
Экипаж бен медициналық топтың үйлесімді әрі кәсіби жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Нәресте перинаталдық орталыққа аман-есен жеткізілді.