Бұл Қазақстандағы ең ірі мәдени іс-шаралардың біріне айналды
Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай Qarmet компаниясы ұйымдастырған ауқымды мерекелік концерт өтті. Шараға 120 мыңнан астам көрермен жиналып, Қазақстандағы ең ірі мәдени іс-шаралардың біріне айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
30 тамызда Қарағандының Тәуелсіздік алаңында өткен мерекелік шоуда қазақстандық және шетелдік танымал әртістер өнер көрсетті. Сахнаға:
Zivert көрерменге ерекше алғыс білдірді.
«Бұл – менің ең үлкен аудиториям. Қарағанды, сендер кереметсіңдер! Бүгін біз сіздермен бірге Кеншілер күнін атап өтудеміз», – деді.
Ұйымдастырушылардың алдын ала есебіне сәйкес, концертке 120 мыңнан астам адам келген. Бұл – ел тарихындағы ең көп көрермен жинаған мәдени іс-шаралардың бірі.
Сахнада сөз алған «Ирина Кайратовна» тобы Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа алғаш рет табиғи газ қосылғанын атап өтті.
«Газ келді, жігіттер! Бұл экологияға оң әсерін тигізеді. Жаңа дәуір басталды, біз баршаңызды құттықтаймыз!» – деді топ мүшелері.
Мерекелік шара аясында Qarmet көрермендерге PlayStation 5 ойын консолін ұтысқа қойды. Қатысу үшін Instagram-дағы ресми парақшаға жазылып, екі досты белгілеу және концерттен фото немесе видео жариялау қажет болды. Жеңімпаздар 2 қыркүйекте анықталады.