Олар қазір полиция қызметкерлерінің тікелей назарында тұр
Абай облысында отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 1700-ден астам азамат есепке алынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, инспекторлардың араласуының арқасында ондаған қайталанған зорлық-зомбылық әрекетінің алдын алу мүмкін болды.
Қалада ерекше назарда тұрған 53 отбасымен полиция тығыз жұмыс істейді. Инспекторлар олардың әрқайсысына көмек көрсетіп, қайғылы жағдайға жеткізбеуге тырысады.
«Ең бастысы – құқық бұзушылықты тіркеу ғана емес, тыңдау, түсіну, қолдау. Әр кездесу – бір өмірді жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі», – дейді полиция лейтенанты Камила Кенжебаева.