Әкімдік бұл жер мәдениет пен табиғатты тоғыстырған ерекше кеңістікке айналады деп отыр
Елордада Есіл ауданында заманауи спорт пен демалыс аймақтарын қамтитын «Даму» саябағының құрылысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, саябақ жобасы шеңбер және су ұстанымымен әзірленген. Оның ортасында жасанды көл орналастырылып, айналасына жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары салынады.
Мұндай шешім табиғат пен заманауи архитектураны үйлестіріп, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруды көздейді.
Жаңа саябақта түрлі спорт нысандары салынады:
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін заманауи фитнес-орталық бой көтереді.
Балалар үшін ойын алаңдары, ал мәдени іс-шаралар үшін амфитеатр мен DJ-алаңша қарастырылған.
Келушілер саябақта:
Әкімдіктің мәлімдеуінше, «Даму» саябағы спорт, мәдениет пен табиғатты тоғыстырған ерекше кеңістікке айналады. Су мен шеңбердің үйлесімі саябақты астаналықтар мен қала қонақтары үшін тартымды орын етпек.
Айта кетейік, 2024 жылы Астанада 170-ке жуық аула, сквер, саябақ пен бульвар абаттандырылуда. Жұмыстың басым бөлігі аяқталған, бұл қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыруға септігін тигізіп отыр.