ш күнге жоспарланған бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған
27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Ulytau Go» жастар лагері бастау алды. Аталған шара өңірдің үздік және белсенді елу жасының басын қосып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамдық белсенділер қатысуда.
Үш күнге жоспарланған бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған. Лагерь барысында:
Жастар лагерьдің үшінші күні тарихи орынға — Жошы хан кесенесіне саяхат жасап, Ұлытаудың рухани-мәдени мұрасымен танысады.
«Ulytau Go» лагері — жастардың жаңа идеяларын іске асыруға, көшбасшылық қабілетін дамытуға және өңірдің белсенді жас буынын біріктіруге арналған маңызды алаң.