Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды
Коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау минитсрлігі. Олар:
Түркістан облысы - 1950 және 1958 жылдары туған әйелдер, 1962 жылы дүниеге келген ер адам,
Шымкент қаласы - 1962 жылы туған әйел адам,
Нұр-Сұлтан қаласы - 1954, 1958 және 1952 жылдары туған әйелдер, 1950 жылы дүниеге келген ер азамат.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.