Павлодар өңірінде жыл басынан бері 23 автокөлік ұрлығы тіркелді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұрлықтың себептері
Көліктердің ұрлануы көбінесе иелерінің құнды заттарды көлікте қалдыруына немесе салонын толығымен ашық қалдырып кетуіне байланысты болады. Көлік ұрлайтындар мынандай заттарға қызығады:
- Автомагнитолдар;
- аккумуляторлық батареялар;
- ұялы телефондар;
- ақшалай қаражат;
Полицияның қауіпсіздік бойынша кеңестері
- Көлікті әрқашан құлыптап кетіңіз.
- Қараусыз қалдырған кезде терезелер мен люктерді толығымен жабыңыз.
- Кілттерді тұтану қосқышында қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа да. Қосалқы кілттерді көлікте ұстамаңыз.
- Көлікті жарықтау орындарға қойыңыз.
- Көлікте құнды заттарды қалдырмаңыз.
- Ұрлыққа қарсы құралдар: руль дөңгелегіне құлып, дабыл, механикалық блокаторлар орнатыңыз.
- Көлік құжаттарын салонда қалдырмаңыз.
Полиция көлік иелерін сақтыққа шақырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.