Мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті ресми мемлекеттік eokno.gov.kz. сайтына ұқсас жалған интернет-ресурстарды қолдану фактілері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитеттің мәліметінше қаскөйлер алаяқтық мақсатта eoknogov.kz сайтына ұқсас домендік атаумен жалған сайт құрып, онда жалған QR кодтар арқылы сертификаттар мен сәйкестік декларацияларын таратып жатыр.
«Бұл ресурстардың ресми мемлекеттік жүйелерге қатысы жоқ және азаматтар мен бизнесті адастыруға бағытталған», - деп жазылған хабарламада.
Ведомство осыған байланысты барлық кәсіпкер мен тұтынушыны құжаттарды тексеру және мемлекеттік онлайн-сервистерді пайдалану кезінде қырағылық танытуға шақырды. Сәйкестік сертификаттары мен декларациялар туралы сенімді мәліметтер тек ресми ресурста орналастырылады: eokno.gov.kz, techreg.gov.kz.
«Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Комитет қырағы болуды және ақпаратты тек ресми ақпарат көздері арқылы тексеруді ұсынады. Күмән туындаған кезде сенімсіз сайттар мен құжаттарды пайдаланудан бас тарту керек», - дейді мамандар.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сәйкестік туралы сертификаттар мен декларацияларды сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар ресімдеуге және беруге құқылы. Аккредиттеу субъектілері туралы өзекті ақпарат сайтта орналастырылған: nca.kz.