Марқұмның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ
Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ аумағындағы қалың шөп арасынан автокөлік табылып, оның ішінен ер адамның мәйіті шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталды.
«Өлімнің нақты себебін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс материалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде», – деді Алматы қалалық ПД өкілдері.
Алғашқы қарау барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.