Қорқынышты статистка: Қазақстанда жыл басынан бері 176 бала жол апатынан көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қаза тапқан балалардың басым бөлігі жолаушы болған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жыл басынан бері 176 бала жол-көлік оқиғаларынан қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы жағдайдың себептері

Сұлтанбаевтың айтуынша, қаза тапқан балалардың басым бөлігі жолаушы болған, ал қалғандары – жаяу жүргіншілер, самокат, велосипед және мопед жүргізушілері.

«Көп жағдайда ересектердің жол ережесін бұзуы салдарынан қайғылы жағдай болды. Балалардың кейбірі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сондай-ақ, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен, кейде қызыл шамда өтіп кеткен жағдайлар да бар. Сондықтан біз оларға үнемі сақ болуды түсіндіруіміз керек. Баланың жолға шығар алдында жүргізушінің тоқтағанына көз жеткізуі маңызды», – деді ол.

Жаңа бастама: мектептерде жол қауіпсіздігі сабағы

Балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында ІІМ мектептерде жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) бойынша жеке міндетті пән енгізуді ұсынып отыр.

«МВД балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін мектеп бағдарламасына ПДД пәнін бөлек міндетті сабақ ретінде енгізуді ұсынып жатыр», – деп атап өтті Сұлтанбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан жолдарында көлік жылдамдығы төмендетілуі мүмкін екені хабарланған болатын.