Екі елдің басшылары осыдан кейін келіссөз өтетін залға барды
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.