Әншінің әкесі өмірден өтті
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Қош бол, әке!
Анашыма сәлем айта барыңыз.
Бізде бәрі жақсы де.
Ең үлкеніміз 63- тен асты де,
Ең кішкентай шөберең,
Енді бірден асты де.Шүкір де,
Біз өсірген ұл-қыздар
Бәрі бүгін өсті де...Ақымыз болса кешіңіз, әкешім!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Айта кетерлігі, бірер ай бұрын әнші әкесінің жағдайы 90 жасқа жақындағанда нашарлап бара жатқанын жазып, арнайы жазба жариялаған болатын.