Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2025-2026 жылдардың жаңа эпидемиялық маусымына дайындық жөніндегі қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше қаулы 2025–2026 жылдардағы ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді көздейді, оның ішінде:
- биылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
- медициналық ұйымдарда кіреберісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
- ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету;
- мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету қарастырылған.
Орта білім беру ұйымдарында:
- бір сыныптағы оқушылардың 20–30%-ы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырған жағдайда жалпы білім беретін ұйымдарда кабинеттік оқыту жүйесі жойылады және күнтізбелік 10 күн ішінде жаңа балаларды сыныптарға қабылдауға тыйым салынады;
- бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың жалпы санының 30%-ы және одан көбі ЖРВИ-мен ауырған жағдайда оқушылар онлайн оқыту форматына көшіріледі.
Қаулының толық мәтінімен комитеттің сайтында танысуға болады.