Қазақстанда доллар құны арзандап барады

Автор: Асыл Арман

Қазақстандық валюта долларға қатысты нығая түсті

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда АҚШ доллары екі теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 533,87 теңгені құрады. Бұл – кешегі көрсеткіштен екі теңгеге төмен.

Шілде айының соңында доллар бағамы рекордтық межені жаңартып, 546,36 теңгеге жеткен еді. Алайда қазіргі уақытта құбылып арзандап-көтеріліп отырғанымен, жалпы есепте шамамен 13 теңгеге төмендеді.

Kurs.kz порталының деректеріне сәйкес, қолма-қол доллардың сатып алу және сату бағамдары мынадай болды:

  • Астана: сатып алу – 532-536,2 теңге, сату – 537-540 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 530,5-536 теңге, сату – 536,3-540 теңге.