57 ауыл мен 45 мың тұрғын: «Самұрық-Қазына» қолдауымен медициналық пойыз Қазақстан өңірлерін аралауда

Автор: Azattyq Rýhy

Алдағы уақытта пойыз Қазақстанның он облыстарына барады

Фото: Telegram / samrukkazynaofficial

Үш айдың ішінде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жеті өңірдегі 57 ауылда болып, 42 мыңнан астам тұрғын мен балаға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • 153 шағын ота
  • 2 000+ стоматологиялық қызмет
  • Тар бейінді мамандардың кеңестері, УДЗ, рентген, ЭКГ, зертханалық талдаулар
  • 2 500 адам психологиялық көмек алды 
  • 2 435 тұрғынға құқықтық және медиативтік қолдау көрсетілді

Алдағы уақытта пойыз Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарына барады.

Жоба «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Samruk-Kazyna Trust қорының, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.