Ақтау маңында үш көлік бір-біріне соғылып, елдің зәресін алды

Автор: Асыл Арман

Оқиға 24 тамыз күні кешкі уақытта болды

Фото: Видеодан скрин

Ақтау қаласының маңындағы жолда 24 тамыз күні адам шошырлық жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 24 тамыз күні сағат шамамен 21:30-да «Caspi Bitum» зауытының қарсы бетінде үш автокөліктің қатысуымен жол апаты тіркелген.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Renault Sandero және Lada (ВАЗ) маркалы көліктерімен соқтығысқан.

Полиция мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Ведомствода атап өткендей, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.