Оқиға Алматы облысында болды
Алматы облысында жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылған азамат мас күйінде мопед айдап жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Патрульдік полиция қызметкерлері рейд кезінде күдікті көлікті байқап, тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде екені анықталды. Ол медициналық тексеріске жеткізілді. Нарколог дәрігер алкогольдік масаңдықты растады.
Бұл азамат бұған дейін де дәл осындай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған.
Алайда ол заңды елемей, қайтадан рөлге отырған.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.