Димаш ТМД өнерпаздары арасында алғаш болып Madison Square Garden-де концерт береді

Автор: Алмас Ерсін

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт береді

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йоркте STRANGER атты жеке концертін беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әнші Нью-Йоркте Stranger әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.

«2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында алғаш рет ТМД елінің өнерпазы жеке концертін береді. Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте «Stranger» атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше», – деп жазылған әншінің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш 8 және 10 қазанда Мехикода концерт беретінін хабарлаған болатын.