Тұрсын мен Баян тойға жиналғандарға тосынсый жасады (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Тойда ел-жұртқа танымал жұп қонақтардың көңілін көтерді

Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзова қыздарының тұсаукесер тойында дуэт орындап, жиналған жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ел-жұртқа танымал жұп күні кеше Алма және Алиса есімді екі қызының тұсауын кескен болатын. Тойда Тұрсын мен Баян ән айтып, би билеп, қонақтардың көңілін көтерді.

Бұл жағдай желі қолданушылары үшін де тосынсый болды.

 «Тұрсын өзім сияқты билейді екен. Құтты болсын», «Екеуінің бақыттан басы айналып жүр», «Қандай жағымды видео», «Тұрсын Алагөзовтің биінің өзі мейірімді ғой», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, бүлдіршіндердің тұсауын Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай кесті. Ал тұсаукесер рәсімін әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнімен әрледі.

Алагөзовтер тойға келген әріптестеріне алғыс айтып, ағынан жарылған. Баян сөз арасында келесі жылы некелескендеріне 10 жыл толатынын және сол датаға орай ақ көйлек кигісі келетінін мәлімдеді.