Ұялғанынан қызарып кетті: Димаштың бозбала шағында ән салған видеосы тарады

Автор: Асыл Арман

Димаштың видеосы желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Әнші Димаш Құдайбергеннің бозбала шағында ән салған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің видеосы бағдарламалардың бірінде көрсетілді. Онда Димаштың ұялғанынан орнында отыра алмай, қызарып кеткен келбетін байқауға болады.

Желі қолданушылары әншінің талантына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.

«Кішкентай кезінен даусы керемет болған екен ғой», «Жаным сол өзіне қарап ұялған түріңе қарап жақсы көріп жатырмын ғой», «Димашты ата анасымен көрсем деп армандаймын. Димашты қатты жақсы көремін сыйлаймын. Аман жүрсінші», – деп жазды желі қолданушылары.