Оқиға 16 тамызда болған, бірақ ол жайлы ақпарат енді ғана белгілі болды
Шымкентте әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрларда ондаған ер адамның сөзге келіп, арты жұдырықтасуға ұласқаны байқалады.
«Шымкент тұрғындары бір нәрсеге келісе алмай, күтпеген жерден өзара жаппай төбелес ұйымдастырған. Қылмыстық іс қозғалды», – делінген жарияланымда.
Белгілі болғандай, оқиға 16 тамызда болған, бірақ ол жайлы ақпарат енді ғана белгілі болды.
Шымкент қаласының Полиция департаментінде қатысушылардың тұлғасы анықталып, ұсталғаны хабарланды.
«Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу аяқталған соң қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады департамент өкілдері агенттікке берген түсініктемесінде.