Шетелдіктің құжатсыз әрі сақтандырусыз жүргені анықталды
Астанада полицейлер Mercedes көлігін айдаған шетелдік азаматты қуып жүріп тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, ер адам көлігін жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізіп, тәртіп сақшыларынан қашпақ болды. Қуғын кезінде жүргізуші рөлге ие бола алмай, шлагбаумды бұзып, бірнеше көлікке соғылды.
Тексеру барысында шетелдіктің құжатсыз әрі сақтандырусыз заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысқаны, ал көлік нөмірін басқа автокөліктен алғаны анықталды.
Соттың шешімімен құқықбұзушы 3 тәулікке қамауға алынды және көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент өкілдері:
«Мұндай заңбұзушылықтар жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіпті, сондықтан қатаң түрде тоқтатылады», – деп мәлімдеді.