Түркияда әуеде ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалтқышы істен шықты

Автор: Асыл Арман

Flynas әуе компаниясының ұшағы қозғалтқыш ақауына байланысты төтенше қону жасады

Фото: Х/@ntv

Трабзон – Джидда бағытындағы Flynas әуе компаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқыштағы ақауға байланысты әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Ұшақ әуежайға оралды

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің мәліметінше, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 8 минуттан соң, яғни жергілікті уақытпен 19:49-да (Астана уақытымен 21:49), экипаж апат дабылын берген.

Әуе кемесі №11 ұшу-қону жолағына бағытталып, 20:18-де (Астана уақытымен 22:18) төтенше жағдайда сәтті қонды.

Жолаушылар аман

Ұшақ бортында 169 жолаушы болған. Ресми мәлімет бойынша олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген.