Туризм және спорт министрлігі олардың әрекетін тексеріп жатыр
Қазақстанда танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Самал Толегенова Instagram-дағы «гив» арқылы ұйымдастырған ұтыс ойыны үшін жауапқа тартылуы ықтимал. Туризм және спорт министрлігі олардың әрекетін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитетке азаматтардың бірі арыз түсіріп, блогерлердің сыйлықтар ұтысын заңдылық тұрғысынан қарауды сұраған. Осыған байланысты Ерболат Жанабыловқа ресми хат жолданып, түсініктеме беру талап етілді.
Егер блогер тарапынан жауап түспесе, әкімшілік іс автоматты түрде қозғалады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы, 6-бөліміне сәйкес, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарға айыппұл қарастырылған:
Егер блогерлер түсініктеме бермесе немесе сотқа келмесе, іс сырттай қаралады.
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңға сәйкес, лотерея мен ұтыс ойындарын тек ресми оператор немесе оның агенті ғана өткізе алады.
Яғни, әлеуметтік желідегі «гив» форматындағы байқаулардың басым бөлігі ресми тіркелмегендіктен, заң бұзушылық болып есептеледі.
Министрлік халықты сақ болуға шақырды.
«Күдікті гивтер мен ұтыс ойындарына қатысудан бас тартып, тек ресми ұйымдастырушыларға сеніңіздер. Әйтпесе, азаматтар алаяқтардың құрбаны болып, қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін», – делінген хабарламада.