34 жастағы ер адам білім грантын уәде еті
Астанада 34 жастағы ер адам білім грантын уәде етіп, 20-дан астам абитуриентті алдаған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, күдікті азамат өзін таныстары арқылы ұсынып, «сенімді адам»ретінде көрінген. Ол магистратура мен бакалавриатқа түсу үшін мемлекеттік грантты «жеке байланыстары» арқылы қамтамасыз ете алатынын айтып, ірі көлемде ақша талап еткен.
Мәселен, бір студент 1 миллион теңге беріп, магистратураға грантқа түсуге үміттенген. Бірақ қаражатты алған соң күдікті ізін суытқан.
Қазіргі таңда 34 жастағы ер адамның жеке басы анықталып, ол полицейлердің қолына түсті. ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР ІІМ азаматтарға тағы бір мәрте ескерту жасады: