Бұл облыстарда бесінші класс өрт қауіптілігі жарияланды
23 тамыз күні еліміздің бірқатар өңірінде ең жоғарғы – бесінші класс өрт қауіптілігі жарияланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдедә, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ-тің мәліметінше, Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өрттің таралу қаупі ең жоғары деңгейге жеткен.
Сонымен бірге синоптиктер қатты ыстық пен аптап желдің сақталатынын ескертті:
ТЖМ мамандары тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.
«Аптап ыстық пен құрғақшылық жағдайында кез келген ұшқын үлкен өртке әкелуі мүмкін. Сондықтан барша қазақстандықтарды сақ болуға шақырамыз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Мамандардың айтуынша, жазғы кезеңде өрт қауіпі әсіресе құрғақ дала және орманды аймақтарда ушығады. Өткен жылдары осындай жағдайдан ондаған гектар жер өртеніп, елдімекендерге қауіп төнген.
Экологтар табиғатты қорғау үшін қоғамның әрбір мүшесі жауапкершілік танытуы қажет екенін айтады.