Жаңақорғанда нәресте шұғыл жағдайда Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары нәрестені ауруханаға жеткізді

Фото: ҚР ТЖМ

Жаңақорғанда жаңа туған нәресте шұғыл жағдайда Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шұғыл жағдайда көмекке «Қазавиақұтқару» АҚ құтқарушылары қайта келді. ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған нәрестені эвакуациялауды жедел орындады.

Нәрестені шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың ұшқыштары Баймұса Өркен мен Ахметов Расұлбектің үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған бала қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.