Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Президентті Садыр Жапаров шығарып салды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықаралық Манас әуежайынан мемлекет басшысын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров құрметпен шығарып салды.