Тоқаев Қырғызстанда әкесінің есімі берілген мектепті аралап көрді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласында Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.

«Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.

Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті», – делінген Ақорда хабарламасында.