Екеуінің біреуі аураханада жатыр
Өскемен қаласында теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды. Пойыз екі әйелді қағып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі yk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, Согра ықшамауданында Ресей темір жолдарының таңбасы бар пойыз тоқтап тұрғанын және жедел жәрдем мен полиция көліктерінің көп жиналғанын байқаған.
Кейін белгілі болғандай, темір жолда екі әйелді пойыз басып кеткен. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі – 48 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
«Науқас дәрігерлердің бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда.