Олар ары қарай келіссөз залына барды
«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті.
Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.
Айта кетейік, Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітін зиярат еткені хабарланған болатын.