ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 10 адамды эвакуациялады
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында аулада тұрған көлік өртеніп, қызыл жалын бес қабатты үйге тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Шахтинск қаласындағы Мичурин көшесінде болды. Өрт салдарынан газ-ауа қоспасы жарылып, қызыл жалын бес қабатты үйдің 2 және 3-қабаттарындағы балкондарға тарады.
«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баспалдақ арқылы 10 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрттің жалпы аумағы 15 ш.м құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.