Семейде жас жігіт жаңа көпірдің үстіне шығып, секіріп кетпек болды (ВИДЕО)
ТЖМ қызметкерлері Семейдегі жаңа көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Семейде жас жігіт жаңа көпірдің үстіне шығып алып, өз өмірімен қоштаспақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Абай облысы ТЖД-ның 112 пультіне Семей қаласындағы жаңа көпірдің пилонына ер адамның шығып алғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ, полиция, жедел медициналық жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді. Ер адаммен байланыс орнату үшін пилонға ТЖМ-нің психологы мен құтқарушысы көтерілді.
«Құтқарушылар Ертіс өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару қайықтарын орналастырып, жағдайды әуеден бақылау және бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) қолданды.
Ер адаммен келіссөздерді Оперативті-құтқару жасағының бөлімше бастығы, құтқарушы Ринат Бабаджанов жүргізді. Оның кәсіби біліктілігі мен барлық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында ер адамды пилоннан түсіруге мүмкіндік болды», - делінген ТЖМ хабарламасында.