Ол 82 келіге дейінгі салмақта сынға түсті
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диас Сейітқалиев Самоков қаласында (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кем дегенде күміс медальді өзіне қамтамасыз етті.
Жартылай финалда Диас жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, өткен жылы Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Финалда Сейітқалиевтің қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болады.