Осыған дейін банктер мерзімінен бұрын өтеу үшін қосымша ақы алуға құқылы еді
Қазақстан азаматтары енді кез келген уақытта несие қарызын толық немесе ішінара айыппұлсыз және комиссиясыз төлей алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Fingramota.kz-ке сілтеме жасап.
Осыған дейін банктер мерзімінен бұрын өтеу үшін қосымша ақы алуға құқылы еді. Мысалы, бір жылға дейінгі несиелер бойынша алғашқы алты айда, ал ұзақ мерзімді қарыздар бойынша алғашқы бір жыл ішінде айыппұл салынатын. Бұл ереже бәріне бірдей қолданылып, қарызын ерте қайтаруға кедергі келтіретін.
Енді мұндай шектеулер тек заңды тұлғаларға ғана қолданылады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам қарыз алушыларға борыштан тезірек құтылып қана қоймай, артық пайыз төлемей үнемдеуге де мүмкіндік береді.
«Қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді бастаса, соғұрлым көбірек үнемдеуге болады. Кейінгі төлемдер де тиімді, бірақ әсері әлсіз болады», – дейді мамандар.
Сонымен қатар, сарапшылар қарызды мерзімінен бұрын өтеу кезінде төлем кестесін қайта қарау тәсілін дұрыс таңдаудың маңыздылығын айрықша қозғап өтті:
Экономистер несиені жабу алдында барлық талапты нақтылап алған жөн дейді: ең аз төлем сомасы, төлем уақыты, кестені қайта қарау ережесі және қарыз толық жабылғанда кепілден босату тәртібі.
«Алдымен міндетті түрде қаржылық қауіпсіздікті қалыптастыру қажет. Тек содан кейін ғана артық қаражатты мерзімінен бұрын төлемдерге бағыттауға болады», – деп атап өтті сарапшылар.