Ертең Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан президентін Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.