СҚО-да әкімдік қызметкерлері бюджеттен 46 млн теңге жымқырғаны анықталды

Автор: Асыл Арман

Оларға қатысты сот үкімі жарияланды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері бюджеттің 46 млн теңгесін ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2025 жылғы 3 ақпанда сот қызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдарды аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау ісі бойынша үкім шығарды.

Істі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексерді.

Сотта бұлтартпас айғақтардың болуына қарамастан, үш айыпталушы жасаған қылмыстары бойынша өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмысына өкінген жоқ.

Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптау тараптар «K», «T», «Д» алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден астам шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын дәлелдеді.

«Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, оларды 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.