Полиция мүйізден бөлек киіктің ұшаларын да тәркіледі
Маңғыстау облысының тұрғынынан киіктің ондаған мүйізі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
13 тамызда полиция қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы бөлімшесі бірлескен рейд барысында Бейнеу ауданы Тұрыш ауласындағы үйлердің бірінен заңсыз сақталған 9 киіктің ұшасы мен 30 мүйізді анықтады.
Сонымен қатар, тінту кезінде 16 мм калибрлі оқ-дәрілер мен басқа да дәлелдер тәркіленді.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тәркіленген заттар сараптамаға жолданды. Күдіктінің елден кетпеу туралы қолхаты қолданылды. Бұл іс құқық қорғау органдарының браконьерлікке нөлдік төзбеушілігін және табиғатты қорғауға арналған шараларды көрсетеді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.