Ақмола облысында найзағай түсіп, 10 жасар бала көз жұмды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тағы біреуі ауыр жарақат алды

Фото: freepik.com

Ақмола облысында қайғылы жағдай болды. Ойнап жүрген екі балаға найзағай түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, шамамен сағат 14:00-де Үлгі ауылында найзағай балаларға түскен.

Олардың бірі – 2015 жылы туған бала, сол жерде көз жұмды. Екіншісі – 2010 жылы туған бала, ауыр жарақат алған.

«Ол Біржан сал аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр», – делінген хабарламада.

Екі бала да Астана қаласының тұрғыны екені анықталды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.