«Ақшамды ұрлап кетті»: Алматыда бойжеткеннің оқиғасы елді дүрліктірді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бойжеткеннің оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді

Фото: istockphoto.com

Алматыда ақшамды ұрлап кетті деген бойжеткеннің оқиғасы елді дүрліктірді. Осыған қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде қала тұрғынының жариялаған жазбасы таралған, онда ол жағдайды толық түсінбей, өзге адамдарды ақша ұрлады деп негізсіз және асығыс айыптаған.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде ешқандай құқықбұзушылықтың болмағаны анықталды. Кейінірек арызданушының өзі қателескенін мойындап, ақшаны анасы басқа жерге жасырып қойғанын хабарлады.

«Жалған ақпарат таратқаны үшін қыз бала әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық Полиция департаменті жалған айыптаулар мен тексерілмеген ақпарат құқық қорғау органдарына деген сенімді әлсіретіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш пен ресурстарды бұрмалап, қоғамды адастыратынын атап өтеді.

Азаматтарды жауапкершілік танытып, негізсіз жарияланымдар жасамауға шақырамыз. Мұндай әрекеттерге міндетті түрде құқықтық баға берілетін болады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.