Түркістан облысында интернет-алаяқтарға көмектесіп жүрген шетел азаматы ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ол «Капланбек» шекара бекетінде қолға түсті

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті шетел азаматы құрықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шекарада ұсталды

Прокуратураның мәліметінше, ол «Капланбек» шекара бекетінде ұсталған. Күдікті қылмыстық топқа арнап SIM-box құрылғысын алып өтпек болған. Бұл құрылғы алаяқтарға қазақстандық абоненттермен түрлі мобильді нөмірлер арқылы байланысуға және өз ізін жасыруға мүмкіндік берген.

Тергеу жалғасуда

Қазір күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

ҚПК-нің 201-бабы талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.