Бекіре тұқымдас балықтарын аулауға Каспий маңы елдерінде мораторий жарияланған
Маңғыстау облысында арнайы рейд барысында ірі көлемде заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 10 тамыз 2025 жылы Түпқараған ауданының «Ащымұрын» жағалауында болды. «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан жалпы салмағы 455 келіні құрайтын бекіре табылды.
Бекіре тұқымдас балықтарын аулауға Каспий маңы елдерінде мораторий жарияланған.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Тергеу ісі Түпқараған аудандық полиция бөліміне беріліп, тиісті шаралар жүргізілуде.
Сонымен бірге прокуратура сирек кездесетін жануарларды заңсыз өндіру, сақтау, өткізу немесе тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.