2025 жылы көпбалалы отбасылар мен аналарға жәрдемақы төлемдері артты
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға жалпы 354,5 млрд теңге бөлінді. Бұл көмекті орта есеппен 856,2 мың отбасы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәрдемақы алғандар:
2025 жылдың шілде айында жалпы сомасы 49,7 млрд теңге төленді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы табысқа қарамастан төленеді. Шарт – бірге тұратын 4 және одан да көп баланың (кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлім студенттері) болуы.
2025 жылғы төлем мөлшері:
Аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы келесі санаттарға төленеді:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын барлық мемлекеттік жәрдемақылар 6,5%-ға артты.