Ақмола облысында зейнеткер 1 млн теңгесінен қалай айырылғанын сезбей қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Күдікті алаяқтың 19 жаста екені анықталды

Фото: Freepik

Ақмола облысында 71 жастағы зейнеткер телефон арқылы 1 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалай алданып қалды?

14 маусым күні белгісіз ер адам қоңырау шалып, әйелдің банк шотынан «рұқсатсыз ақша шешілуде» деп сендірген. Қорыққан зейнеткер қоңырау шалушының барлық нұсқауын орындап, қаражатын көрсетілген есепшотқа жіберген.

Күдікті анықталды

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 19 жастағы Қостанай тұрғынын анықтады. Оның іске қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.