Қазақстандық теннисшіні ұтқан Ига Швентек Цинциннатидегі турнирді жеңіп алды

Автор: Асыл Арман

Ол жартылай финалда Елена Рыбакинаны ұтқан

Фото: instagram.com/cincytennis

Польшалық теннисші Ига Швентек АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Финалда әлемнің үшінші ракеткасы WTA рейтингінде сегізінші орында тұрған италиялық Жасмин Паолиниді екі сетте – 7:5, 6:4 есебімен жеңді.

24 жастағы спортшы үшін бұл – биылғы маусымдағы екінші трофей. Шілде айында ол Уимблдонды жеңіп алып, америкалық Аманда Анисимованы 6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Цинциннатидегі жеңісі арқылы Швентек 24-ші, ал WTA 1000 турнирлеріндегі 11-ші титулын жеңіп алды.

Жаңартылған рейтингте ол америкалық Кори Гауффты артта қалдырып, әлемдегі екінші орынға көтеріледі.

Айта кетейік, Ига Швёнтек Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакинаны 7:5, 6:3 есебімен ұтып, ойыны жайлы әсерімен бөліскен еді.