Президент жаңа ғимараттың құрылыс жұмысына оң баға берді
Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.
Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.