$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында аса ірі көлемде марихуана сатып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында аса ірі көлемде марихуана сатып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында полиция қызметкерлері ер адамның үйінен аса ірі көлемде кептірілген марихуана тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үйінен есірткі мен ірі көлемдегі ақша табылды

Polisia.kz мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты жерінен ұлттық және шетел валютасында 10 млн теңге мен 19 мың АҚШ долларынан астам ақша тәркіленген. Сонымен қатар, есірткі тұқымдары, телефон және ноутбук алынды.

Вакуумдық қаптамалар мен таразы анықталды

Кенжекөл ауылында жүргізілген тінту барысында өсімдік тектес заттар салынған 5 вакуумдық қаптама, арнайы вакуумдық құрылғы және электронды таразы табылды. Сараптама тәркіленген заттардың аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана екенін растады.

Күдікті қамауға алынды

Ер адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір күдікті Павлодар қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары