Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл лауазымға Алмасхан Сматлаев тағайындалды.
Ол экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етеді.
Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін «экономика» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.