Кен өндіруде ауыр техникалар қолданылған
Шығыс Қазақстан облысы ҚМА департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы, Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктілер екі жыл бойы лицензиясыз өзен арнасын өзгертіп, заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр техникалар мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдықтар қолданылған.
ЖШС заңсыз қызметінің салдарынан келтірілген экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.
Тінту барысында 382 млн теңге құны бар 6 кг алтын тәркіленді.
Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ескерту: ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.