Қазақстанда биыл 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілген жоқ
ІІМ-нің мәліметінше, биыл жеті айда елде 4655 есірткіге қатысты құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есірткіні жасырушылардан бастап оны таратуды ұйымдастырушыларға дейінгі қылмыстық схемалар ашылды. 24 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 3 трансұлттық ұйымдасқан топ жойылды. Нәтижесінде 12 жетекші мен 48 белсенді қатысушы ұсталды.
ІІМ Ресей Федерациясымен бірлесіп, ел аумағында бірнеше есірткі зертханасын ұйымдастырған күдіктіні қолға түсірді. Ол өткен жылдан бері халықаралық іздеуде болған.
ІІМ мәліметінше, есірткі бизнесіне келтірілген жалпы шығын 110 млн АҚШ долларын құрады.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының м.а. Данияр Мейірханның айтуынша, есірткіге қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жалғасуда.